Алматы облысында 2 қызды ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

Фотография - Алматы облысында 2 қызды ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды

Бұл жөнінде бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

225 0

Алматы облысында ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жиырма жастағы екі қызды ұрлап кеткен күдіктілерді ұстады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Арнайы операция кезінде «Арлан» арнайы бөлімінің сарбаздары Алакөл ауданының екі тұрғынын ұстады. Олар Қаратал ауданының тұрғындары - 20 жастағы екі жас қызды көлікке күштеп отырғызып облыс орталығы Талдықорғанға алып кеткен. Онда қыздарды зорлау мақсатында түні бойы ұрып-соққан»,- деді Н.Ораз. Оның айтуынша, қыздар тек таңертең қашып құтылып, кейін бұл оқиға туралы полицияға хабарлаған. «Сонымен бірге алдын ала тергеу барысында полиция қызметкерлері адамды бостандығынан заңсыз айыру фактісін анықтады. Қылмыскерлер ақша бопсалау мақсатында Талдықорған қаласының тұрғынын 12 сағат бойы автокөліктің жүксалғышында ұстаған. Қазіргі уақытта адамды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де қамауға алынып, тергеу жүргізілуде», - деді Н.Ораз.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!