Қостанайда кісі өлтірген қылмыскерлер ұсталды

Фотография - Қостанайда кісі өлтірген қылмыскерлер ұсталды

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

154 0

Қостанай облысында полиция қызметкерлері биылғы қаңтар айында із-түзсіз жоғалып кеткен Лисаков қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтіру қылмысын ашты.

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

«Полицияға 41 жастағы әйел шағымданып, үлкен ұлы жұмыстан оралмағаны туралы хабарлады. Жәбірленушінің анасы жедел уәкілдерге ұлының көлікпен кеткені туралы хабар берген», дейді Н. Ораз.

Оның айтуынша, көрші Денисов ауданында іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде бау-бақша қоғамдарының бірінде жігіттің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды, ал оның «Мазда-626» автомашинасы Лисаковск ауданының аумағынан табылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаза болған жігітті өлтірді деген күдікпен екі танысы ұсталды.

Тергеу іс-шараларын өткізу барысында күдіктілер бұдан бір жарым ай бұрын бұл жігітті өлтіргісі келгені анықталды, бірақ ойларын іске асыра алмады.  Ал 12 қаңтарда қаскөйлер өз арам ойларын жүзеге асырған.

«Әдеттегідей, олар бұл жігітке телефон шалып, шаруалармен бір жерге апарып келуді өтінді. Қалаға келген бетте күдіктінің біреуі оны буындыра бастады, екіншісі мойнына пышақпен 7 жарақат салған. Содан оны өлтіргеннен кейін мәйітті қармен жауып, жасырған, сонымен бірге оның автомобилін алып кеткен. Автомобильдің салонында жәбірленушінің 7 мың теңгесі, ұялы телефоны және құжаттары болыпты. Күдіктілер Лисаковск қаласына келген соң, автомашинаны көшелердің бірінде тастап кеткен. Күдіктілер қамауға алынды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде», - дейді Н. Ораз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!