БҚО-да көлік ұрлағандар құрықталды

Фотография - БҚО-да көлік ұрлағандар құрықталды

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

134 0

Батыс Қазақстан облысының полицейлері жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушіге қарақшылық шабуыл қылмысын ашты.

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

Оның баяндауынша, 16 қаңтара сағат 18.00-де «Фольксваген гольф» автомашинасына мінген екі жолаушы жүргізушіні пышақпен қорқытып, ұрып-соғып, оның автомобилін айдап кеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде оның автомобилі бүлінген  күйде Деркөл ауылының автобус аялдамаларының бірінде табылды. Кейінгі іздестіру іс-шаралары барысында 20 және 30 жастағы екі күдіктіні ұстады, олар өздерінің кінәларын мойындады», деді ІІМ Баспасөз хатшысы.

Оның мәліметінше, ұсталғандар Орал қаласының УҰИ-ына қамауға алынған. Дәлелдеу базасын нығайту бойынша жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!