Есірткі сатқан шығысқазақстандық азаматтар ұсталды

Фотография - Есірткі сатқан шығысқазақстандық азаматтар ұсталды

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

350 0

Шығыс Қазақстан облысында героин сатқан Өскемен қаласының тұрғындары ұсталды.

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

«Шығыс Қазақстан облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері героинді сатумен айналысатын адамдар тобына  әзірлеме жүргізу барысында Өскемен қаласында осы облыс орталығының бірнеше тұрғынын ұстады», деді Н. Ораз.

Оның айтуынша, қала көшелерінің бірінде Солнечный елді мекенінің 36 жастағы тұрғынының басқаруында «Тойота-Камри» автомашинасы ұсталды. Одан бірнеше грамм героим табылды. Бұрын сотталған 29 жастағы қала тұрғынының пәтерін тінту барысында 5 грамм шамасында героин табылды.

«Әзірлеме жүргізу барысында полиция героинді бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 29 жастағы қала тұрғынынан сатып алатыны анықталды. Оны ұстау кезінде қалтасында салмағы 10 грамм героині бар полимерлік бума табылды», деді ол сөзін толықтырып. Ресми өкілдің сөзінше, оның да пәтерін тінту барысында 266 грамм героин табылды. Ұсталғандар уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!