Оралда жас жігіт аңшылық қарудан бір адамды өлтіріп, екіншісін жарақаттаған

Фотография - Оралда жас жігіт аңшылық қарудан бір адамды өлтіріп, екіншісін жарақаттаған

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде

182 0

22 қаңтар күні сағат 02.30-да Орал қаласындағы Огородная көшесіндегі үйлердің бірінен кеуде тұсына тиген оқтан қаза тапқан О. есімді азаматтың мүрдесі табылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оқиға орнына Орал қалалық ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы жеткен. Тексеру барысында анықталғанындай, 22 қаңтар күні түнгі сағат 1-лерде 22 жасар А., 23 жасар В. және 25 жасар В. Огородная көшесіндегі «Маган» дүкенінің қасында ағайынды төрт жігіт Құсайыновтарды кезіктірген. Олар да ішімдік ішкен күйде болған. Осы кезде таныстардың арасындағы келіспеушіліктің салдарынан ағайындылардың бірі қарсыласына пышақ жарақатын келтірген. Содан жәбірленушінің бірі үйіне барып, сарайдан аңшылық шолақ мылтықты алып, көмекке екі танысын шақырып, оқиға орнына қайтып келген. Бұл мезетте Құсайыновтар үйіне оралған, артынша қарсыластары келіп, төбелесті жалғастырған. Осы жерде олардың бірі 22 жасар А. аңшылық қарудан екі мәрте оқ атып, ағайындылардың бірін өлтірген, екіншісін жаралап үлгірген.

Полиция қызметкерлері осыған қатысушыларды анықтап, қолға түсірді. Олардан аңшы мылтығы тәркіленді.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!