ШҚО-да мектепке барар жолда 10 жастағы оқушы қыз өлтірілді

Фотография - ШҚО-да мектепке барар жолда 10 жастағы оқушы қыз өлтірілді

Шығыс Қазақстан облысының Новая Шульба кентінде 10 жастағы қыз өлтірілді

183 0

Шығыс Қазақстан облысының Новая Шульба кентінде 10 жастағы қыз өлтірілді, деп хабарланды ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

12 қаңтар күні таңертең жеткіншек мектепке кеткен, сағат 12.30-да мұғалім қыздың ата-анасына хабарласып, оның сабаққа келмегенін айтқан. Отбасы бірден полицияға шағымданып, көмек сұраған. Шамамен сағат 16.00-де суайдауыш мұнараның жанынан өлі қыздың денесі табылды. Полицияның берген ақпаратына қарағанда, оның денесінен қылқындыру белгілері табылған.

Кентте және жақын маңда орналасқан елді мекендерде аса ауыр қылмыстарды әшкере ету бойынша тексеру тобы жұмыс істеуде. Оған Өскеменнің және Бородулиха ауданының АІІБ-нің жедел уәкілдері және тергеушілері кірді.

Полициядан хабарланғандай, оқиғаға қатысты түрлі болжамдар жасалуда. Қылмыскер әзірге ұсталған жоқ. 22 қаңтарда марқұм болған жеткіншек қыз 11-ге толар еді.


Тегтер:

өлтірді қызды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!