Алматы облысында супермаркетті тонаған екі күдікті ұсталды

Фотография - Алматы облысында супермаркетті тонаған екі күдікті ұсталды

Қазіргі таңда тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

111 0

Алматы облысында супермаркетті тонаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып BNews.kz тілшісі.

«Еңбекшіқазақ ауданындағы супермаркетке шабуыл жасаған екі күдікті ұсталып, қамауға алынды», - деді ІІД баспасөз қызметінің бастығы К.Нұрахмет.

Оның ақпараты бойынша, тоналған супермаркет «Алматы-Көкпек-Көктал» республикалық автожолының бойындағы Бәйтерек ауылында орналасқан.

«Металл шыбықтармен қаруланған қылмыскерлер дүкенге кіріп, күзетшіге шабуыл жасаған. Күзетші «дабыл нүктесін» басып үлгерген. Күдіктілердің екеуі де ұсталды», - деп әңгімеледі К.Нұрахмет.

Қазіргі таңда тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!