Ақтөбе облысында үш жігіт екі кәмелетке толмаған қызды зорлады деп күдіктелуде

Фотография - Ақтөбе облысында үш жігіт екі кәмелетке толмаған қызды зорлады деп күдіктелуде

Қандыағаш қаласының 43 жастағы тұрғыны келіп, оның 17 жастағы қызы мен оның құрбысының зорланғаны туралы хабарлады

267 0

Қандыағаштық үш жігіт 17 жасар екі қызды зорлады деп күдіктелуде, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Ақтөбе облысы ІІД-нің ресми өкілі Алмат Иманғалиев.

 

Оның айтуынша, 23 қаңтарда Мұғалжар АІІБ-нің кезекшілік бөліміне Қандыағаш қаласының 43 жастағы тұрғыны келіп, оның 17 жастағы қызы мен оның құрбысының зорланғаны туралы хабарлады.

 

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бойжеткендер күндіз көшеде таныс жігіттерді кездестіріп, көліктеріне мінгендерін, одан кейін олардың бірінің пәтеріне барғандарын баяндап берді. Спирттік ішімдіктерді ішкен соң үш жігіт бойжеткендерді зорлаған.

 

Аталған қылмысты жасау күдігімен полиция қызметкерлері 19-20 жас аралығындағы үш жергілікті тұрғынды ұстады, олардың екеуі мойындау түсініктемелерін берді.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабының 3 бөлімімен («Зорлау») қылмыстық іс қозғалды, бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!