Риддерде есірткі саудасымен айналысқан 82 жасар әжей ұсталды

Фотография - Риддерде есірткі саудасымен айналысқан 82 жасар әжей ұсталды

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады

255 0

Риддерде жедел-алдын алу шаралары барысында есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін 82 жасар азаматша қолға түсті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жедел-алдын алу шараларын жүргізу барысында Риддер ҚАІІБ қызметкерлері К. есімді 82 жасар азаматша қолға түсті. Зейнет жасындағы әйел осыдан үш жыл бұрын есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған болатын. Өткен жылдың қыркүйегінде «баба Зина» мерзімінен бұрын шартты түрде босап шықты. Бостандыққа шыққаннан кейін де «кәсіпкер» кейуана кәрілік күндерін тыныш өткізбей, бұрынғы «кәсібіне» қайта оралған», - деп әңгімеледі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы Айжан Слямбаева.

«Тұтқындау барысында К. есімді азаматшадан бір целофан пакет тәркіленді, оның ішінде героин бар үш түйін табылған. Олардың жалпы салмағы 14,12 граммды құрайды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда», - деп толықтырды инспектор.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!