Атырауда әкімдікте тұрғын үй сатып алу кезінде 3 млн астам теңге ұрланды

Фотография - Атырауда әкімдікте тұрғын үй сатып алу кезінде 3 млн астам теңге ұрланды

Махамбет аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

247 0

Атырау облысының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде Махамбет аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Әкімдік және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрғын үй сатып алу кезінде мемлекетке 3 миллион 221 мың 662 теңге көлемінде шығын келтіруде айыпталды.

«2011 жылдың қазан-қараша айлары аралығында мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті лауазымдық тұлғалар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, пайда табу мақсатында мемлекеттік сатып алулар бойынша нақты бағасы 8 178 338 теңгені құрайтын тұрғын үйді 11 400 000 теңге сомасына сатып алды», - деп хабарлады қаржы полициясынан.

ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

ақша ұрланды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!