Алматыда полицей өзгенің пәтерін иемдену үшін адам өлтірді

Фотография - Алматыда полицей өзгенің пәтерін иемдену үшін адам өлтірді

Алматыда адам өлтірген учаскелік полиция инспекторы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

135 0

Алматыда адам өлтірген учаскелік полиция инспекторы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол қасақана кісі өлтіріп, марқұмның үш бөлмелі пәтерін иемденбек болған. Тәртіп сақшысы сыбайластарымен бірге мәйітті қала сыртына шығарып, өртеп жіберген. Алайда көп ұзамай қолға түскен үш қылмыскердің екеуі 16 жылға сотталды. Ал үшіншісіне сот жеңіл жаза тағайындап, 5 жыл берген. Осыған келіспеген марқұмның туыстары қалалық сотқа шағымданып, қылмыскерлердің қатаң жазалануын талап етуде.

Әрине біз сот шешімімен келіспейміз. Себебі, қылмыскерлердің бірін 5 жылға соттады. Олардың барлығының көздегені біреу болды емес пе?! Бірақ судья оны алаяқтық бабы бойынша қарады. Сондықтан ол рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын да босап кетуі мүмкін.

Естеріңізге салайық, Вадим Петровты бір жыл бұрын өлтіріп кеткен болатын. Оның үш бөлмелі пәтерде жалғыз өзі тұратыны және туыстарымен араласпайтынын жергілікті учаскелік полиция инспекторы жақсы білген. Сондықтан оңай олжаны көздеген тәртіп сақшысы жалғыз басты еркекті өлтіріп, үйін иемденуді жоспарлаған. Алайда, оның арам ойы жүзеге аспай қолына кісен салынды.


Тегтер:

өлтірді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!