Таразда супермаркет «миналанды»

Фотография - Таразда супермаркет «миналанды»

Тараз полициясы түнде «Gross» супермаркетін «миналаған» адамды  іздестіруде

178 0

Тараз полициясы түнде «Gross» супермаркетін «миналаған» адамды  іздестіруде, деп хабарлады Жамбыл облыстық  ТЖД баспасөз қызметінен.


Ведомствоның мәліметінше, 25 қаңтар күні түнгі сағат екі шамасында  ұялы телефоннан белгісіз ер адам хабарласып, полиция қызметкерлері Тараз орталығында орналасқан «Gross» супермаркетіне келуі тиіс, онда бомба салынған деп мәлімдеген.


«Оқиға орнына прокуратура, облыстық ТЖД бөлімшелерінің, облыстық ІІД-нің, саперлік топ, облыс бойынша ҰҚКД, жедел жәрдем қызметкерлері шықты»,-делінген хабарламада.


«Gross» супермаркетіне жақын орналасқан аумақты тексеру кезінде жарылғыш зат табылмады.


Қазіргі уақытта жарылыс қаупі туралы хабарлаған тұлғаны анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары өткізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!