Қостанай облысындағы Қарасу ауданының әкімі сотталды

Фотография - Қостанай облысындағы Қарасу ауданының әкімі сотталды

Қостанай облысындағы Қарасу ауданының әкімі Асан Нұрғазинов сот үкімімен оқпен атылатын қаруды заңсыз сатып алу, иелену және тасымалдауда айыпты деп танылды.

125 0

Қостанай облысындағы Қарасу ауданының әкімі Асан Нұрғазинов сот үкімімен оқпен атылатын қаруды заңсыз сатып алу, иелену және тасымалдауда айыпты деп танылды.

Бұрын хабарланғандай, А.Нұрғазиновқа қатысты сот процесі қостанайлық «Фараон» түнгі клубында болған оқиғадан кейін екі жыл өткен соң басталды. Ол кезде Нұрғазинов мемлекеттік қызметкер емес еді. Алайда осы уақыт бойы созылған қылмыстық қудалау әзірше белгісіз себептермен оның 2012 жылдың мамырында Қостанай әкімінің орынбасары, ал қыркүйек айында - Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалуына кедерді бола алмады.

А.Нұрғазинов пен оның қорғаушысы сот барысында тапаншаны сотталушының көлігіне әдейі біреу салып кеткенін дәлелдегісі келді. «А.Нұрғазинов тапаншаны клубқа одан арылу үшін ғана кіргізді. Ол бұл әрекетті қолынан келгенше жасады», - деп сендіреді қорғаушы Ринат Құзыбаев. Бірақ сот осындай дәлелдерді негізсіз деп таныды.

Тергеу барысында рақымшылықтан бас тартқан А.Нұрғазиновқа сот екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын беріп, рақымшылық туралы заңды қолдана отырып одан босатты. Шенеунік әзірше заңдық күшіне енбеген жазаны қайтадан қарау ниетін білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!