88 жасар азамат зайыбын балғамен ұрып өлтірді

Фотография - 88 жасар азамат зайыбын балғамен ұрып өлтірді

 деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен

232 0

25 қаңтарда полицияға 56 жастағы Ақтөбе тұрғыны шағымданды. Әйелдің айтуынша оның әкесі өзінің зайыбын соққыға жыққан, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

88 жастағы ер адам өзінің пәтерінде 83 жастағы зайыбын соққыға жыққан. Егде жастағы әйел «ашық бас сүйек-ми зақымы» диагнозымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол келесі күні алған дене жарақаттарынан жантәсілім етті.

Жағдайды анықтау үшін патрульдік полиция наряды күдіктіні Заводской полиция бөлімшесіне жеткізді. Ұсталған ер адамның сөзіне қарағанда, оған қорқынышты түс кірген, соның салдарынан жұбайын соққыға жыққан.

Қазіргі уақытта күдікті тексерістен өту үшін психиатрлық емханаға орналастырылды.

ҚР ҚК-нің 103 бабы, 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!