Елордада дәстүрлі емес діндердің 44 мүшесі ұсталды

Фотография - Елордада дәстүрлі емес діндердің 44 мүшесі ұсталды

Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

169 0

Астана аумағында қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері экстремизм мен лаңкестікке қарсы күреске байланысты шұғыл-алдын алу іс-шараларын өткізді. Әсіресе, заңсыз миссионерлік қызмет пен заңсыз көші қон мәселелеріне баса назар аударылды. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері елордада орналасқан заңсыз діни бірлестік пен дәстүрлі емес діни ағымның 44 мүшесін анықтады. Сонымен қатар олардан 259 дана діни әдебиет пен дыбыс/бейнежазбаларын, 5 атыс және бір травматикалық қару табылды», – деп хабарлайды ведомстводан.

Сондай-ақ, Департамент мәліметі бойынша, 130 шетелдік пен азаматтығы жоқ адам көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылдау-бөлу орнына 5 адам орналастырылып, іздеуде жүрген бір қылмыскер қолға түсті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!