Екі қазақ студенті Калининградты дүрліктірді

Фотография - Екі қазақ студенті Калининградты дүрліктірді

Калининградта қазақстандық студенттердің қолдан ақша жасағаны белгілі болды.

167 0

Калининградта қазақстандық студенттердің қолдан ақша жасағаны белгілі болды.  Жас жігіт пен бойжеткен әлдебір жерден ішімдік алу үшін 1000 рубль (шамамен 5 мың теңге) төлеген.

Сондай-ақ, оған қоса тағы да мың рубль көлемінде жалған ақша табылған. Бірі 25, бірі 19 жастағы студенттер бұл ақшаны принтермен жасап шығарған. Күдіктілердің тұратын орнын анықтаған кезде жалған мың рубльмен бірге номиналды 500 рубль табылған. Сондай-ақ, оларды жасайтын принтерді тапқан.

Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Олар Калининградтағы әлдебір ЖОО-ның студенттері екендігі анықталды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!