Көкшетауда мас күйінде кісі өлтіру оқиғасы «ізі суымай» әшкереленді

Фотография - Көкшетауда мас күйінде кісі өлтіру оқиғасы «ізі суымай» әшкереленді

деп хабарланды Ақмола облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен.

110 0

Көкшетауда жедел полиция қызметкерлері мас күйінде болған екі жігіт арасындағы келіспеушілік барысында кісі өлтіру оқиғасын «ізін суытпай» әшкере етті, деп хабарланды Ақмола облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Көкшетау қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінде кеуде тұсына пышақпен жарақаттанған 30 жастағы жергілікті ер адамның мәйіті табылды. Күдікті сол күні анықталды. мәлім болғандай, сол кеште марқұм 1983 жылғы өзінің күйеу баласымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Араққа сылқия тойған екі жігіттің арасында дау-дамай орнап, төбелеске ұласты. Ашуға булыққан ер адам қарсылас отырған марқұмның денесіне асүй пышағымен салып жіберген. Соның нәтижесінде ер адам көз жұмды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 96 бабы, 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адам бұған дейін ҚК-нің бірнеше баптары бойынша (ауыр қылмыстар үшін де) істі болған, ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!