Оралда 35 жасар азамат қарумен ұсталды

Фотография - Оралда 35 жасар азамат қарумен ұсталды

35 жасар азаматты шолақ мылтықпен және пистолетпен қолға түсірді.

276 0

Оралда №17 тірек пунктінің учаскелік полиция инспекторлары 35 жасар азаматты шолақ мылтықпен және пистолетпен қолға түсірді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 25 қаңтар күні 20.30-да Қонаев шағынауданы 69-үйдегі пәтердің бірінде еш жерде жұмыс жасамайтын аталмыш азаматтан «ИЖ-К» үлгідегі шолақ аңшы мылтығы мен «РТ 80» пневматикалық пистолеті тәркіленді. Сарапшы қорытындысына сәйкес мұның екеуі де атуға жарамды болып шыққан. Күдікті Орал қалалық ішкі істер басқармасы уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 251-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті бұдан бұрын қарақшылығы үшін екі мәрте сотталған.

Сол күні полицейлер сондай-ақ «Копейка» дүкенінің қасынан ұсталған 19 жасар жігіттен суық қару - қолдан жасалған кастетті тәркіледі.

Сонымен қатар жедел іздестіру шаралары барысында Ақсай қаласындағы «Конденсат» АҚ жанында 1979 жылғы И. деген азаматтан тағы бір шолақ аңшы мылтығы алынып, сараптама тағайындалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!