6 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Фотография - 6 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 6-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

171 0

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 6-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Болат Өнербай өзі оқитын №3 мектеп-интернаты жатақханасының жылу құбырына дарға асылып қайтыс болған. Бірақ, ата анасы баласының мұндай әрекетке барғанына сенбей отыр. «Оқиғаның көлеңкелі тұстары көп»,- дейді қайғыдан қан жұтқан отбасы.

Бөлме қазір бос тұр. Куәгерлердің айтуынша, Болат мынау жылу трубасына өзінің күрес киімінің белбеуімен асылған. Ал өжет мінезді баланың мұндай әрекетке неге барғаны беймәлім. Ол кезде бөлмеде Аян есімді 1-сынып оқушысы сырқаттанып жатқан. Бірақ, бүлдіршін Болаттың бұл әрекетінен қатты қорыққан болуы көрек үнсіз, қимылсыз қалған. Ал досын тамаққа шақырмақ болып бөлмеге кірген Абдурахим мен Үмбетәлі ұстаздарына хабар берген. Шошынып қалған 1-сынып оқушысы осы оқиғадан кейін сабаққа әлі келмепті.

АБДУРАХИМ БАҺАДҮР, КУӘГЕР: Бірінші ол бала келді да бөлмеге жіпті төбеге байлап, сосын мойнына байлап, жерге отырды деп, сол Аян деген бала сөйлеп айтты.

Болат Өнербай бұл интернатқа былтыр кіші інісімен бірге әлеуметтік жағдайы төмен болғандықтан қабылданған. Мектеп директоры, баланың психологиясына жанұядағы осы қиындықтар әсер етуі мүмкін деп отыр.

БАҚТИЯРБЕК ТОҚТЫБАЕВ, №3 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ашулы, ешнәрсені көтермейді, көңіл күйі өте төмен, реніште келген балалар. Сол күні басым ауырып отыр деп қатты ашуланған. «Менің басым қатты ауырып тұр» деп сыныпта, сөйтіп не танытқан, сабақ үстінде.

Алайда, Болаттың анасы баласының өз-өзіне қол жұмсағанына күмәнмен қарайды. Дәрігерлердің неліктен «балаңыз жансақтау бөлімінде жатыр» деп алдаусырытқанын түсінбей отыр.

НҰРГҮЛ ӨНЕРБАЕВА, БОЛАТТЫҢ АНАСЫ: Балаңыз ауыр халде реанимацияда жатыр, дәрігерлер қарап жатыр деп жауап берді. Мен одан кейін сегіз жарымда бір-ақ естідім баламның және өлігін әкелгенін. Сол жерде ғана естіп есімнен танып қалдым. Мұндай әділетсіздікке ешқандай жол берілмеу керек. Менің көкейімде қаншама сұрақ қалды.

ТҰРСЫН ӘБИБУЛЛАЕВА, БОЛАТТЫҢ ӘПКЕСІ: Дәрігер Сәулебек Искаков маған келген жоқ деді. Біз енді ол директордың көзінше емес, былайынша ол бала негізі бала негізі төбелестен болған-ау, екі бала ұрған-ау деді. Одан кейін директор кіріп еді, ол сөзін жұтып қойды, әрі қарай ештеңке айтқан жоқ. Негізі бала больницаға бармаған, шыны, бірден моргке алып кеткен.

Мәселенің мәнісін білуге Жаңақорған аудандық орталық ауруханасына бас сұқтық. Ондағы дәрігерлер, баланың ауруханаға жеткенше көз жұмғандығын айтып, сұхбат беруден бас тартты.

Құқық қорғау органдары да мәселеге қатысты ешқандай түсініктеме бермеді. Ал қайғыдан қан жұтқан ана үшін баласының қазасы әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!