Тараздағы 2035 әскери бөлімінде қатардағы сарбаз мерт болды

Фотография - Тараздағы 2035 әскери бөлімінде қатардағы сарбаз мерт болды

Тараздағы 2035 әскери бөлімінде сарбаз мерт болды. 21 жастағы Манарбек Нұровты өз қатарластары соққыға жығып, буындырған,-дейді марқұмның туыстары

229 0

Тараздағы 2035 әскери бөлімінде сарбаз мерт болды. 21 жастағы Манарбек Нұровты өз қатарластары соққыға жығып, буындырған,-дейді марқұмның туыстары

Оның әскери борышын өтеп еліне оралуына небары төрт ай қалған екен. Енді табытқа салынған сүйегі туған жері Ақтөбе облысына жеткізіліп, бүгін туыстары оны жер қойнына тапсырды. Бейбіт күнде баласынан айырылған ата-ана сарбаздың өліміне себепші болғандарды қатаң жазалауды талап етіп отыр.

Жастайынан ұяң боп өскен Манарбекті алғашқыда ата-анасы әскерге жіберуге қарсы болыпты. Кейін баласының ниетін құптап, өткен жылдың мамыр айында Жамбыл облысындағы шекара бақылау бөлімшесіне шығарып салады.Осы уақытқа дейін әскердегі ұлынан шағым естімеген туыстарына қаралы хабарды жеткізген шенділер Манарбек Нұров жүрек талмасынан қайтыс болды деген. Кейін сүйегін алуға барғанда оның ауыр соққы алғандығына туыстары көз жеткізіпті.

Қуаныш Елешов, марқұмның атасы:

- Көп жарақат алған. Сүйегіне де кірдім баланың. Көп жарақат алған. Мына дем алатын жерінен, тамағынан соққан. Мықты соққы алған.

Оқиға өткен бейсенбі күні кешкі астан соң болған. Тараздағы 2035 әскери бөлімі басшыларының айтуынша, бір топ сарбаз жаттығу алаңында ойнап жүріп, Манарбекті абайсызда жарақаттаған көрінеді. Сол бойда есінен танған оған дәрігерлер ешқандай көмек бере алмаған. Сарбаздар бір үйдің баласындай тату болған, -деп сөзін түйіндеді әскери бөлімі басшылығы.

Бақтияр Арзиев, 2035 шекара әскери бөлімі бастығының орынбасары міндетін атқарушы:

- Жерлестікке бөлінген жоқ. Бір облыстан қалай болады ол жерлестіктен дегенде. Барлығы Ақтөбеден, осы батыстан. Ойнап жүріп болды деп жатыр қасындағылар. Оны бәрін құқық органдар шешеді.

Бейбіт күнде қызметтестерінің қолынан қайтыс болған жігіттің денесі бүгін Ақтөбе іргесіндегі қорымға жерленді.

Қазір Жамбыл облыстық әскери тергеу басқармасы осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Қара жамылған отбасы бейбіт күнде бақилық болған ұлының өліміне себепші болғандарды қатаң жазалауды талап етіп отыр. Сонымен қатар марқұмның анасы енді Манарбектің артында қалған екі інісін қандай жағдай болмасын әскерге жібермеймін деп серт берген.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!