Ақмола облысында автобус жаяу жүргіншіні басып кетті

Фотография - Ақмола облысында автобус жаяу жүргіншіні басып кетті

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.

213 0

Бір тәуліктің ішінде полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзғандардың үстінен екі қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.

Аршалы ауданының аумағында «Екатеринбор-Алматы» бағыты бойынша тас жолдың 1314 шақырымында, Шетпекөл стансасы аумағында Қарағанды қаласына қарасты Саран қаласының тұрғыны «Setpa» рейстік автобустың жүргізушісі, жарықсыз учаскеде жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан 47 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік апатының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК-нің 296 бабы, 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Целиноград ауданының Қосшы кентінде жол қозғалыс ережесінің тағы бір бұзушылығы тіркелді.

«Mitsubishi Padjero Sport» көлігінің жүргізушісі ауылдың көшелерінің бірінде рульге ие бола алмай, 20 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «ВАЗ-2106» көлігімен соқтығысты. Орын алған жол-көлік апатының салдарынан жүргізуші мен екінші көліктің жолаушы оқиға орнында мерт болды, тағы екі жолаушы емханаға жеткізілді. Шетелдік көліктің жүргізушісі медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. ҚР ҚК-нің 296 бабы, 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!