Петропавлда жасырын ойынхана әшкереленді

Фотография - Петропавлда жасырын ойынхана әшкереленді

Оңай олжаны көздегендер облыс орталығындағы дәмханалардың бірін жалға алып, құмар ойынның көрігін қыздырып келген

188 0

Солтүстік Қазақстан облысында жасырын жұмыс істеп келген ойынхана қызметіне тұсау салынды. Оңай олжаны көздегендер облыс орталығындағы дәмханалардың бірін жалға алып, құмар ойынның көрігін қыздырып келген.

Алайда көлеңкелі бизнестері көпке бармай, әшкере болды. Тінту барысында 3 покер үстелі, 2 жарым мыңнан астам фишка мен 200 мың теңгеге жуық ақша тәркіленді. Құмар ойынды ұнататындар астыртын казиноға кіру үшін әрқайсы 50 доллардан төлеп отырған. Қазір ойынхана қожайыны тергеуге алынды. 

Нұрлан ЖАХИН, СҚО бойынша ЭСЖКД баспасөз хатшысы:

- Қазіргі уақытта астыртын ойын казиносын ұйымдастырушы күдікті ретінде тергелуде. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып,  сотта дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан немесе 1000-3000 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде айыппұлға тартылуы мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!