Елорданың орталық базарында шыққан өртпен 70-ке жуық өрт сөндіруші арпалысуда

Фотография - Елорданың орталық базарында шыққан өртпен 70-ке жуық өрт сөндіруші арпалысуда

Павлодарға барар тас жолда орналасқан орталық базар өртенуде

151 0

Павлодарға барар тас жолда орналасқан орталық базар өртенуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Бибігүл Есмағанбетова мәлім етті.

Оның атап өтуінше, тілсіз жау шарпыған аумақ 1000 шаршы метрді құрайды.

«Қоңырау сағат 11:04-те түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына 11:09-да жетті. Өрт әлі сөндірілген жоқ. Қазіргі уақытта 17 негізгі және 7 арнайы өрт сөндіру машинасы жұмыс істеуде. Арнайы мамандандырылған көпфункционалды өрт сөндіру техникасы да жұмылдырылуда. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 76 өрт сөндірушісі қызыл жалынмен арпалысуда. Өрт сөндіруге тауарлардың өте көп болуы кедергі келтіруде», - деп атап өткен Б.Есмағанбетова қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екендігін де ескертіп өтті.


Тегтер:

өрт болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!