Алматы маңында 30-ға жуық көлік соқтығысты (фото)

Фотография - Алматы маңында 30-ға жуық көлік соқтығысты (фото)

Алматының шығыс айналма жолында тұман мен көктайғақ кесірінен бірден ондаған көлік соқтығысып қалды

139 0

Алматының шығыс айналма жолында тұман мен көктайғақ кесірінен бірден ондаған көлік соқтығысып қалды.

Куәгерлердің айтуынша көліктердің алғашқы легі таңғы сағат 8 шамасында соқтығысқан. Жолға арнайы қоспа себіліп үлгермегендіктен, жол үсті өте тайғақ болған. Көліктерін игере алмаған жүргізушілер өзге көліктерге, сонымен қоса қоршауларға да соғылған. Түрлі мәліметтер бойынша соқтығысқан көліктер саны 25 тен 38-ге дейін барады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда көліктері жеңіл-желпі ғана соғылған жүргізушілер оқиға орнынан жол полициясының араласуын күтпей-ақ өзара келісіп ары қарай жүре бергенге ұқсайды.


Қазір жол жүрісі қайта жанданды. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс жүргізді. Денсаулығына айтарлықтай зиян келтірген ешкім болмады, дегенмен көбісі қол аяғын соққыдан ауыртқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!