ОҚО шенеуніктеріне сот үкімі шығарылды

Фотография - ОҚО шенеуніктеріне сот үкімі шығарылды

Оңтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаментінің директоры мен бөлім басшысы алдағы жеті жыл уақытын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Дүние-мүліктері де тәркіленбек, парақорлыққа барғаны үшін

319 0

Оңтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаментінің директоры мен бөлім басшысы алдағы жеті жыл уақытын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Дүние-мүліктері де тәркіленбек, парақорлыққа барғаны үшін.

Сотталған экс-шенеуніктер қаржы полиция қызметкерлеріне пара бермек болған, әлгілердің қылмыстық іс қозғамауы үшін. Бұл жайында экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің сайтында жарияланды.

Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы облыстық қазынашылық департаменті директоры Ж.Адинов пен аталған департаменттің бөлім бастығы Б.Назарбековтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын аяқтады. Олар қаржы полиция инспекторына департаментте жүргізілген тексеруге оң нәтиже шығару үшін және қаржылық былықтары үшін қылмыстық іс қоғамауы үшін 4 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!