Ерлі-зайыпты барымташылар ұсталды

Фотография - Ерлі-зайыпты барымташылар ұсталды

Еліміздің оңтүстігінде мал ұрлығымен айналысқан ерлі-зайыпты барымташылар ұсталды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады

300 0

Еліміздің оңтүстігінде мал ұрлығымен айналысқан ерлі-зайыпты барымташылар ұсталды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері мал ұрлауды кәсіп қылған ерлі-зайыптылармен олардың 22 жастағы ұлын және 46 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда аталған топтың пайдакүнемдік мақсаттағы 14 қылмысы дәлелденді. Олар 39 бас мал, яғни 9 бас жылқы, 11 ірі қара және 19 қойды қолды қылған. Соның кесірінен жәбірленушілерге 2,5 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Күдіктілер уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынды.

Жалпы ведомствоның атап өтуінше, апта ішінде 5268 қылмыс тіркеліп, 2449-ының «ізі суымай» ашылды. Бұрын жасалған 719, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 324 қылмыс әшкереленді. Іздеу жарияланған 100 қылмыскер табылды. 22 дана қару тәркіленді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!