Алматыда адам ұрлауға қатысқан азаматтар анықталды

Фотография - Алматыда адам ұрлауға қатысқан азаматтар анықталды

Белгісіз бағытта алып кеткендігі жөнінде Алматы облысының тұрғыны хабарласып айтқан.

205 0

Алматы қалалық ІІД-не бетон тастар өндірумен айналысатын кәсіпкер, 46 жастағы Алматы қаласының тұрғынын бейтаныс біреулер көлігіне күш көрсетіп отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткендігі жөнінде Алматы облысының тұрғыны хабарласып айтқан. 

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам ұрлауға қатысы бар  азаматтарды анықтап, қылмыстың ізін суытпай әшкереледі. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер мен жәбірленушінің жасырынған орны анықталды.

Алматы қалалық ІІД Арлан арнайы мақсаттағы жасағының жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында сол күні кешкілік Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында 4 қаскөй қолға түсіп, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Олар бұзақылық жасағаны үшін іздеу жарияланған Оңтүстік Қазақстан облысының 23 жасар тұрғыны, Оңтүстік Қазақстан облысының 30 жасар, Жамбыл облысының 24 жасар тұрғыны және Алматы қаласында тіркеусіз тұрып жатқан Өзбекстанның 23 жасар азаматы екендігі анықталды. Соңғы үшеуі бұған дейін сотталмаған. Төртеуі де Алматы қаласындағы құрылыстардың бірінде нәпақа тауып жүрген. Босатылған жәбірленуші өзін қорқыту және күш көрсету арқылы ұрлап алып кетіп, өзінің жылжымайтын мүлігін оларға қайта рәсімдеп беруін талап еткендіктерін айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!