Белгісіздер Кентау банкінен 2,5 млн теңгені ұрлап кетті

Фотография - Белгісіздер Кентау банкінен 2,5 млн теңгені ұрлап кетті

Кентау қаласында, түскі үзіліс кезінде белгісіз азаматтар жергілікті банкті тонап кетті, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-сінің баспасөз қызметі

268 0

Кентау қаласында, түскі үзіліс кезінде белгісіз азаматтар жергілікті банкті тонап кетті, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-сінің баспасөз қызметі.

 

«2013 жылы 29 қаңтарда сағат 14:00 шамасында, Кентау АІІБ-нің кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен. Хабарламада қалада орналасқан Қазақстан банкінде аса ірі көлемде ақша ұрланғаны туралы айтылған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мекемеден ешқандай бұзылған затты таппады, куәгер ретінде банк қызметшілерін тергеу кезінде, олардың айтуы бойынша белгісіз азаматтар банктің жертөлесі арқылы кассалық бөлімге кіруі мүмкін деген ал, белгісіз азаматтар сейфтен екі жарым миллион теңге ақшаны алып іздерін суытқан», - делінген хабарламада.

 

Ведомствоның ақпараты бойынша, тексеру кезінде мәлім болғаны, түскі үзіліс кезінде банк қызметшілері мен күзетшілер өз қызметтеріне салғырт қарап барлық бөлімдердің есігін ашық күйінде, дабылды қоспай қараусыз тастап кеткенін пайдаланған банктегі ақшаны алып қашып кеткен.

 

Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 175 бабы «Ұрлық » бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар алынды. Күдіктілерге іздеу жарияланды. Қазіргі таңда өз қызметіне салғырттық танытқан банк қызметкерлеріне шара қолданылуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!