«Нива» мен КамАЗ көліктерінің соқтығысуынан 5 адам қаза тапты

Фотография - «Нива» мен КамАЗ көліктерінің соқтығысуынан 5 адам қаза тапты

ШҚО-да «Нива» мен КамАЗ көліктерінің соқтығысуы бес адамның өліміне әкеп соқтырды

165 0

Таңертең Қатонқарағай ауданындағы «Рахман қайнары-Өскемен» тас жолының 149-шы шақырымында ВАЗ-212180 автомобилі және КамАЗ-5320 жүк көлігі соқтығысты.

Облыстық жол полициясынан хабарлағандай, Қатонқарағай ауылынан Үлкен Нарым жаққа жол жүріп келе жатқан «Нива» көлігінің жүргізушісі басқа клікті озбақ болып жолдың қарсы жолағына шыққан кезде жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан «Ниваның» жүргізушісі мен төрт жолаушысы қаза тапты.

Полицияның жедел мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстанда жаңа жылдың бірінші айында 68 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 9 адам қаза тауып, жол қозғалысының 80 қатысушысы жарақаттанды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!