Жамбыл облысының темір жолында екі адам қаза тапты

Фотография - Жамбыл облысының темір жолында екі адам қаза тапты

Жамбыл облысындағы темір жолда екі қайғылы оқиға болды

182 0

Жамбыл облысындағы темір жолда екі қайғылы оқиға болды, деп хабарлады облыс бойынша ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңа тұрмыс ауылына жақын Мөңке стансасындағы теміржол өткелінде тіркелді. Тұрар Рысқұлов ауданының 35 жастағы тұрғыны, «ВАЗ-2106» көлігінің жүргізушісі теміржол өткеліне шығып, № 3417 жүк тепловозымен соқтығысты. Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында мерт болды.

2-ТЭ10В4661 тепловозын 31 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы жүргізді. Тепловоз «Бішкек-Луговое» бағытымен келе жатты. Аталған оқиға теміржол көлігі қозғалысының кешігуіне себеп болмады, тепловоз Жамбыл облысының Луговое стансасына қозғалысын жалғастырды.

Тараз маңындағы «Ақыртөбе-Ақшолақ» аралығының 3571-ші шақырымында «Алматы-Атырау» бағытымен келе жатқан №41 жолаушылар пойызы 80 жастағы азаматшаны қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала нұсқа бойынша, бұл өзіне өзі қол жұмсау болды.

Полиция қызметкерлері аталған фактімен тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!