Кәмелетке толмаған екі қызды құлдыққа ұстаған күдікті ұсталды

Фотография - Кәмелетке толмаған екі қызды құлдыққа ұстаған күдікті ұсталды

Оралда екі жасөспірім қызды құлдықта ұстап, жезөкшелікке мәжбүрлеген күдікті қамауға алынды

154 0

Оралда екі жасөспірім қызды құлдықта ұстап, жезөкшелікке мәжбүрлеген күдікті қамауға алынды.

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 32 жастағы Бөрлі ауданының тұрғынын ұстады. Оның қолындағы екі қыздың да Январцев ауылындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері екендігі анықталды. Жалпы өткен жылы өңірде жеңгетайлық жасау дерегі бойынша 11 және кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 3 дерек тіркелген.

Гүлшат МОЛДАҒАЛИЕВА, облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы:

- Өткен жылдың қараша айында 14 және 16 жастағы кәмелетке толмаған екі қызды күш көрсету арқылы Атырау қаласына жеткізген. Осы жерде жыныстық қызметке пайдаланған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 133-бабы бойынша, яғни кәмелетке толмағандарды саудаға салғаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!