Алматы облысындағы полигонда жауынгер мерт болды

Фотография - Алматы облысындағы полигонда жауынгер мерт болды

Әскер сапындағы кезекті сарбаз қазасы. Бүгін Алматы облысындағы Іле полигонында қайғылы оқиға орын алып, қатардағы жауынгер мерт болды

235 0

Әскер сапындағы кезекті сарбаз қазасы. Бүгін Алматы облысындағы Іле полигонында қайғылы оқиға орын алып, қатардағы жауынгер мерт болды.

Ауыр техниканы жүргізу барысында сарбаз әскери көліктің астында қалып қойған. Марқұмның туыстарына да бірден хабар беріліпті деп хабарлайды КТК арнасы.

Қайғылы оқиға бүгін сағат ондар шамасында орын алды. БМП-ның механик-жүргізушісі Өмірсерік Дүйсенбаев алған ауыр жарақаттардан бірден тіл тартпай кеткен. Қазіргі уақытта қаза тапқан 20 жасар сарбаз жақында ғана әскер сапына шақыртылып, бүгін Құрлықтағы әскер институты ұйымдастырған жаттығу жұмыстарына жіберілгендігі анықталып отыр.

Ал адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиғаның қалай және не себепті орын алғаны әзірге белгісіз. Қазір мұнда әскери-тергеу басқармасының өкілдері және әскери прокуратура қызметкерлерінен құрылған тергеу тобы жұмыс атқаруда. Мән-жайды толық солар анықтамақ.

Оқу-жаттығу полигонында жүрген әскерилер тілшілердің сұрақтарына ауыз ашпады, құрлық әскерлері әскері институтының басшылығы жауап береді деді. Бақылау-өткізу пунктіндегі кезекшілер, барлық басшылықтың кетіп қалғанын айтып ақталды.

Ал 31 арнаның хабарлауынша, қазаны естісімен оқу-жаттығу орталығына келген марқұмның туысқандарымен де тілдесу қиынға соқты. Ауыр қайғы қабырғасын қайыстырған қаралы отбасының азалы үнін естігенде, көздеріне жас алмаған жан қалмады.

Кейін білгеніміздей, қаза тапқан сарбаз 1993 жылы дүниеге келген. Әскерге Жамбыл облысынан шақырылыпты. Есімі - Өмірсерік Дүйсенбай.

Әскерилердің осылайша жауап беруден жалтарып, бір-біріне сілтеуі, сарбаз өліміне қатысты күдікті күшейте түскендей. Кейбір дерек көздері бойынша, сарбаз танктің астында қалып жан тапсырды деген болжам айтылуда. Дегенмен, әзірге оның нақты неден қайтыс болғандығы жөнінде және қайтыс болды ма, жоқ па - ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Ал, опат болған сарбаз алдағы көктем айында үйіне қайтуы тиіс екен.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!