Петропавлда бір күн ішінде адам өліміне соқтырған екі жол апаты тіркелді

Фотография - Петропавлда бір күн ішінде адам өліміне соқтырған екі жол апаты тіркелді

Петропавлда бір күннің ішінде адам өліміне  соқтырған екі жол-көлік апаты тіркелді

179 0

Петропавлда бір күннің ішінде адам өліміне  соқтырған екі жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Бірінші оқиға қаланың тау бөктеріндегі бөлігінде орын алды: шамамен сағат 11.00-де Потанин көшесінің бойында орналасқан 136 үйге қарама-қарсы «BMW» көлігімен «Кожзавод-вокзал» бағыты бойынша бет алған №6 автобус соқтығысты. Шетелдік көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетті, соның салдарынан апат орын алып, «BMW» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды. Дене жарақаттарын алған автобустың 73 жастағы жолаушысы ауруханаға баруға мәжбүр болды.

Екінші оқиға Уәлиханов-Гашек көшесінің қиылысында орын алды. Қалалық такси паркінің бірінің жүргізушісі «Volkswagen» көлігімен солға бұрылу кезінде «Toyotaға» соқтығысты. Жапондық  көлік аяқжолға шығып кетіп, 1974 жылғы зейнеткерді қақты. Егде жастағы әйел қатты соққының салдарынан оқиға орнында ажал құшты.

Екі оқиға да күндіз, қозғалыстың белең алған кезеңінде орын алды. Айта кетейік, жыл басынан облыста 5 адамның қаза тауып, 31-нің жарақаттануына әкеп соққан 18 жол-көлік апаты тіркелді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!