Жалған банкоматтардан сақ болыңыз

Фотография - Жалған банкоматтардан сақ болыңыз

Банк тұтынушыларының есебінен оңай олжаға кенелмек болды

118 0

Банкомат картасын қолданып, қалтаңыздан қағылуыңыз мүмкін. Ақтауда алаяқтар жаңа банкомат құрастырып, банк тұтынушыларының есебінен оңай олжаға кенелмек болды.

Карта қабылдағышқа орнатылған қондырғы банкомат картасындағы бүкіл мәліметті көшірсе, шағын бейнекамера тұтынушының пин-кодын түсіріп тұрады. Сөйтіп алаяқтар, барлық ақпаратты бос карталарға көшіріп, қолдана береді. Мұндай қондырғыны банктің техникалық қызметкерлері бизнес орталығында орнатылған банкоматтан тапқан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, аталған сипаттағы алаяқтық әрекет Ақтауда алғаш рет орын алып отыр. Бұған дейін Алматы мен Астана қалаларында кездескен. Әзірге, ақша жұтатын қондырғының қаншасы орнатылғаны, алаяқтардың арам ойын іске асырған-асырмағаны белгісіз.

Дегенмен, бакомат картасынан ақша ұрланғаны туралы шағым түскен жоқ. Жасанды қондырғыны түпнұсқадан ажырату қиын емес. Карта қабылдағышы қалыңдау әрі сәл қисықтау тұрады.

Тимур Ишекенов, Ақтау қалалық ІІБ анықтау бөлімі бастығының орынбасары: Банкомат картасының қабылдау қондырғысындағы жасыл түсті жарығы жанғанда, магнитті құралдың басы көрініп тұрады. Әдеттегі банкоматтарда олай болмауы тиіс. Бұл - Ақтау қаласында кездескен алғашқы дерек. Сондықтан, тұрғындарға банкоматқа картасын салмас бұрын, белгілеріне мұқият қарауды ескертемін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!