ШҚО-ның Новая Шульба кентінде газ баллоны жарылды, адам шығыны бар

Фотография - ШҚО-ның Новая Шульба кентінде газ баллоны жарылды, адам шығыны бар

Кеше түнде Новая Шульба кентінде жекеменшік ағаш үй отқа оранды, кейін газ баллоны жарылды

194 0

Кеше түнде Новая Шульба кентінде жекеменшік ағаш үй отқа оранды, кейін газ баллоны жарылды.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер еденде жатқан 35 жастағы үйдің иесін (әйел) тапты. Оның денесінің 20 пайызын күйік шалған. Жатын бөлмеде иіс тиіп улану белгісімен екі адамның мәйіті табылды. Олар - күйік шалған әйелдің бес жасар қызы мен күйеуі.

Әйел орташа ауырлықтағы жағдаймен Бородолулиха аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесіне жеткізілді.

Өрттің шығу себептері бойынша екі болжам жасалуда: от жағудағы  абайсыздық немесе электр жабдықты пайдалануда ережені бұзу болуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!