Атырау облысында жол апаты салдарынан 5 адам тірідей жанып кетті

Фотография - Атырау облысында жол апаты салдарынан 5 адам тірідей жанып кетті

Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан 5 адам мерт болды

377 0

Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан 5 адам мерт болды

Оқиға 2 ақпан күні «Атырау-Доссор» автожолында Қашаған мұнайын дайындау жөніндегі «Болашақ» құрылғысының құрылыс аумағында болды. «Дэу Нексия» жеңіл көлігі украиндық нөмірі бар жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Дэу Нексия» отқа оранды. Көлік салонында жүргізуші мен 4 жолаушы болды. Олардың барлығы қаза болды.

«Жол-көлік апатының себебі анықталу үстінде. Көз жұмғандардың барлығы Атырау қалысының тұрғындары. Алдын ала ақпарат бойынша, жеңіл көлік көктайғақты жолда қарсы бағытқа шыққан», - деп мәлім етті ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!