Қарағанды облысында бір адам қаза тауып, 20 бас мал өртеніп кетті

Фотография - Қарағанды облысында бір адам қаза тауып, 20 бас мал өртеніп кетті

Өртті сөндіру барысында ер адамның мәйіті табылды

191 0

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қарағанды облысы Октябрь ауданы Жаңа ауыл ауылында жекеменшік тұрғын үйдің аумағындағы шаруашылық құрылысында өрт шығып, бір адам қаза тапты және 20 бас мал өртеніп кетті.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 03.29-да басталып, 03.41-де сөндірілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының 7 маманы мен 2 техникасы, «АМО» ММ 3 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құраған.

Өртті сөндіру барысында ер адамның мәйіті табылды (жеке тұлғасы анықталмаған). Сонымен қатар 14 бас ірі қара мен 5 ұсақ мал өртеніп кеткен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!