Тараз тұрғыны үш полицейді түрмеге өзімен бірге ала кетті

Фотография - Тараз тұрғыны үш полицейді түрмеге өзімен бірге ала кетті

Қала тұрғыны Евгений Тизбаевтың өзіне «Тонау» бабы бойынша кесілген жазаны «Қарақшылық» бабына ауыстыруға келісуі құқық қорғау органы қызметкерлерінің араласуымен болғаны анықталған

178 0

Таразда сотталушы үш полицейді абақтыға өзімен бірге ала кетті. Қала тұрғыны Евгений Тизбаевтың өзіне «Тонау» бабы бойынша кесілген жазаны «Қарақшылық» бабына ауыстыруға келісуі құқық қорғау органы қызметкерлерінің араласуымен болғаны анықталған. Өзіне кесілер жазаны ауырлатуға күдікті полицейлердің есірткімен қамтамасыз етуге уәде еткені үшін келіскен көрінеді.

Тизбаев бағалы металл бұйымдарын сатумен шұғылданатын әйелдің қолынан 350 000 теңгесі бар сөмкесін тартып алғаны үшін ұсталған болатын. Сөмкені алып қояр алдында ол әйелді бетінен ұрып, бірнеше тісін сындырған. Сол күні Тараз қалалық ІІБ 2-ші полиция бөлімінің қызметкерлері зардап шегушінің арызы бойынша «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тизбаевті құрықтаған полицейлер оқиға болған уақыттан бір ай өткенде оған «қылмысты пышақ қолдану арқылы жасадым» деп мойындауды ұсынған. Криминалды полиция қызметкерлері зардап шегуші әйелді де осылай деп айтуға көндірген. Сосын учаскелік полицей көмегімен Тизбаевтен пышақ тәркіленгені туралы хаттама толтырылады. Куәгерлер орнына полицейлердің өздері қол қойған.

Алайда, полицейлердің «керемет» жоспары сот үстінде быт-шыт болады. Тизбаев полицейлердің үйреткенін айтудан бас тартады. Зардап шегуші әйел де оның сөзін растайды. Сараптама да «куәгерлер» қолының мүлде басқа адамдарға тиесілі екенін көрсеткен.

Нәтижесінде үш полицей үш жылдан бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп жазады газет. Жалған хаттама толтырған олардың бірі өзінің кінәсін мойындап, рақымшылыққа іліккен. Үкім заңды күшіне енді. Тизбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!