Ақтауда алаяқтар банкомат ішіне есептеуші құрылғы орнатқан

Фотография - Ақтауда алаяқтар банкомат ішіне есептеуші құрылғы орнатқан

Бұл туралы Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды

164 0

Ақтауда алаяқтар банкомат ішіне есептеуші құрылғы орнатып, сол арқылы жалған ақшалармен есеп айырысып отырған. Бұл туралы Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. 

Олардың хабарлауынша, алаяқтар орнатқан құрылғының банкоматтың құрылғысынан еш айырмашылығы жоқ. Тіпті, оны ажырату да мүмкін емес.

Алаяқтар жасаған құрылғыда барлығы сақталады. Бейнебақылау, есеп айырысу қағазы осы құрылғыға қосылған. Тұтынушы кәртішкісін салып, құпия кодын тергенде барлығы сол жерде сақталады. Осыны пайдаланып, біреудің есебіндегі ақшаны алаяқтар өз қалтасына түсіреді. Жақында алаяқтар бір тұтынушы ақша алған сәтте жымқырып үлгере алмай қалған. Бүгінде оларға іздеу салынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!