Атырау облысында екі полицей әйелді зорлап, ен далада тастап кеткен

Фотография - Атырау облысында екі полицей әйелді зорлап, ен далада тастап кеткен

Атырау облысында Жылыой АІІБ-нің қызметкерлері әйелді зорлауда күдікті екі полицей мен олардың сыбайласын ұстады

221 0

Атырау облысында Жылыой АІІБ-нің қызметкерлері әйелді зорлауда күдікті екі полицей мен олардың сыбайласын ұстады.

27 қаңтарда Атырау облысының Құлсары қаласында уақытша тұрып жатқан 1979 жылғы Жамбылдың тұрғыны АІІБ-не шағымданды. Әйелдің сөзіне қарағанда, екі полицей мен бір азамат оны зорлаған. Оның үстіне өлімші етіп сабап, соққыға жыққан. Кейін көлікпен Құлсарыдан сырт аумаққа шығарып, ен далада аязда тастап кеткен.

«Жылыой АІІБ-нің қызметкерлері учаскелік инспекторлардың екі көмекшісін және Құлсарының тұрғынын ұстады. Шағымдағы фактілер расталды. Тергеу амалдары барысында жәбірленуші оған зорлық көрсеткендерді таныды. Олардың барлығы уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Бірқатар сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!