Астанада екі жолаушылар автобусы соқтығысты

Фотография - Астанада екі жолаушылар автобусы соқтығысты

Астанада екі жолаушылар автобусы соқтығысты, зардап шеккендер бар

270 0

Астанада екі автобус соқтығысты, жүргізушілердің бірі және бес жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі, 4 ақпан күні Астанада Кенесары және Уәлиханов көшелерінің қиылысында «Hunday» маркалы №37 және №38-ші бағдарлық екі автобус соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір автобустың жүргізушісі мен бес жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Орталық өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!