Жүкті қызды зорлаған күдіктілер ұсталды

Фотография - Жүкті қызды зорлаған күдіктілер ұсталды

Бұл жайында Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

263 0

Көкшетаулық төрт тұрғын кәмелет жасына толмаған жүкті қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жайында Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен жылдың тамыз айында 23-25 жас аралығындағы облыс орталығының үш тұрғыны қаладағы дүкендердің бірінде спирттік ішімдік ішкен. Сол сәтте араларындағы бірі өтіп бара жатқан 17 жастағы таныс қызын көріп, зорламақ болады. Алайда, жәбірленуші өзінің кәмелетке толмағандығын және ішінде екі айлық баласының барын айтқан. Бұл жайт спирттік ішімдікке тойған жігіттерді тоқтатпапты, олар арам ойларын сол жерде жүзеге асырған» делінген тәртіп сақшылары таратқан хабарламада.

Мұнысымен қоймай әлгі үшеудің бірі танысына телефон соғып, қыз зорлауға оны да шақырыпты. Кейін олар таксиге отырып, жол ақысына жүргізушіге қызды ұсынған. Көлік иесі мұндай ұсыныстан бас тарта алмай, ауыр қылмысқа ол да үлесін қосыпты.

Күдіктілердің қолынан босап шығысымен жәбірленген қыз дереу құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Шұғыл іздеу шараларынан кейін күдіктілердің барлығы қолға түсті. Қазір олардың үстінен зорлау, еріксіз бас бостандығынан айыру сынды фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, қылмысты бірге жасаған такси жүргізушісі де іздестірілу үстінде.


Тегтер:

қыз зорлаған

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!