Есірткі еккендер еркіндігінен айырылды

Фотография - Есірткі еккендер еркіндігінен айырылды

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

125 0

Қызылорда қалалық соты ірі мөлшерде сора өсіріп, одан есірткі заттарын өндіріп алуға әрекет жасаған облыс орталығының  С.А. және Ә.Н. есімді екі азаматын 5 жылға бас бостандығынан айыруға кесті.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қаласының осы екі тұрғыны алдын ала қылмыстық келісімге келу арқылы  Бірқазан елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай үш шақырым жерден егістік алқап дайындайды.  Осы жерден 8 метр тереңдіктен құдық қазып, одан су тартудың амалдарын жасайды. Сосын құдықтың айналасындағы жерді өңдеп, оған 750 түп сора өсімдігінің тұқымын себеді. Кейін әлгіндегі құдықтың суымен өсімдікті суарып, баптап отырған.

Айдалада жайқалып өскен бұл егістік алқапты қыркүйек айының соңында облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері тапты. Осы жерден айғақты зат ретінде 750 түп сора  тұрпатты өсімдік алынды. Бұдан басқа, сотталушылардың  егін алқабы жанындағы үйшігінен бес қап пен бір пакетке салынған ерекше иісі бар өсімдік тәркіленді.

Тағайындалған сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысы айғақ зат ретінде алынған ерекше иісі бар заттың  жалпы салмағы 14 708  грамм  марихуана екенін анықтады.

Қызылорда қалалық сотында С.А. мен Ә.Н-нің қылмыстық іс әрекеттері сот тергеуінде дәлелденіп, Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-1-бабы, 262-бабының 2-бөлігінің «а,в» тармақтары бойынша жазаға тартылды.


Тегтер:

есірткі еккен

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!