Үшқоңырлық педофил сотта айтқандарынан айнып қалды

Фотография - Үшқоңырлық педофил сотта айтқандарынан айнып қалды

9 жастағы қызды зорлап өлтірді деп айыпталған үшқоңырлық педофил сотта алдыңғы айтқандарынан айнып қалды.

185 0

9 жастағы қызды зорлап өлтірді деп айыпталған үшқоңырлық педофил сотта алдыңғы айтқандарынан айнып қалды.

59 жастағы күдікті "тергеушілер ұрып-соққан соң қылмысты амалсыз мойындауға мәжбүр болдым" деп отыр. Айтуынша, тіпті қысымға шыдамай өміріммен қош айтыспақ та болған көрінеді.

Бегалы Садықов, айыпталушы:

- Мені өзі мойындаған етіп қойыпты. Қиналғаннан кейін қасықпен, басқа ештеңе болмады. Алмас, пышақ ол жерден таппайсын. Мына жерімді кестім, мойынымды кестім, кесілмеді.

- Сонда өз-өзіңізге қол салмақ болдыңыз ба?

- Ия, енді қайту керек!

Бегалы Садықов қазір екі бап бойынша жауап беріп жатыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, 4 сынып оқушысы Жансая Есенбековаға зәбір көрсетпес бұрын күдікті танысымен сөзге келіп, пышақтап тастапты. Садықов кісіге пышақ сілтегенін мойындағанымен, жеткіншектің өліміне қатысым жоқ деп отыр.

Нағыз азғынның темір торға тоғытылғанына Жансаяның анасы да күмәнді.

Естеріңізге сала кетсек, Үшқоңыр жұртын шошындырған бұл оқиға өткен жылдың күзінде болған. Мектептен шыққан 9 жастағы Жансая үйіне жетпей жарты жолда жоғалып кеткен еді. 3 тәуліктен соң азапталған жеткіншектің өлі денесі өз үйінің маңында табылды.

Азғын қаршадай қыз зорлап, кейін шұлықпен буындырып өлтіріпті. Бір айта кетерлігі, Жансаяны өлтірді деп айыпталған азамат бұрын да осындай қылмысы үшін ұзақ уақыт түрмеде отырып шыққан.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!