Қостанайда жастар жанжалы тоқтатылды

Фотография - Қостанайда жастар жанжалы тоқтатылды

Қостанайда жастар жанжалына тосқауыл қойылды.

208 0

Қостанайда жастар жанжалына тосқауыл қойылды. Красносельская көшесінде орналасқан интернат ғимаратының жанында 4 ақпан күні кешқұрым жастар жиналды. Жақын тұрған үйлердің тұрғындары бозбалалардың агрессиялық күйін байқап, Қостанай облыстық ІІД-нің Жедел басқару орталығының кезекшілік бөліміне телефон шалды.

ІІД-нің баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның хабарлауынша, оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызмектерлері жетті. Полиция бөлімшесіне 37 адам жеткізілді, олардың 14-і кәмелеттік жасқа толмаған азаматтар болып шықты.

Жасөспірімдермен жұмыс бойынша инспекторлар ата-аналар мен ұсталғандар білім алып жүрген мекемелердің оқытушыларын шақырды. Құқыққа қайшы келетін әрекеттерді болдырмау туралы алдын алу әңгімелесулер өткізілді.

Тексеру кезінде тыйым салынған ешбір зат табылмағандығы атап өтіледі. Дене жарақаттарын алғандар жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!