Қылмыс әлемінің серкесі Қайрат Қырықбаев 26 жылға сотталды

Фотография - Қылмыс әлемінің серкесі Қайрат Қырықбаев 26 жылға сотталды

Таразда атышулы ұйымдасқан қылмыстық топ серкесі Қайрат Қырықбаевқа қатысты сот үкімі шықты.

185 0

Таразда атышулы ұйымдасқан қылмыстық топ серкесі Қайрат Қырықбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Қандықол қылмыскер 7 іс бойынша кінәлі деп танылып, 26 жылға бас бостандығынан айрылды.

Қайрат Қырықбаев 2007-ші жылы кісі өлтірді деген айыппен 18 жылға сотталған. Бірақ сол жылдың желтоқсан айында туған ағасы Ерғали Қырықбаев және сыбайласы Марат Әбдуәлімен бірге абақтыдан қашпақ болған. Алайда қашу операциясы соңғы екеуі үшін сәтсіз аяқталады. Марат биіктен құлап өлсе, ауыр жарақат алған Ерғали ұсталып, қайта қамалды. Ал бой тасалап үлгерген Қайрат Қырықбаев тек өткен жылдың жазында Алматыдағы мейрамханалардың бірінде, бес жылдан кейін қолға түскен болатын. Енді қарақшылықпен айналысқан қылмыскер 26 жылын темір тордың арғы жағында өткізбек. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құру, жарылғыш заттар мен қару қолдану, абақтыдан қашу, адам өлтіру және тағы екі бап бойынша кінәлі деп танылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!