Астанада шетелден келген 20 жезөкше ұсталды

Фотография - Астанада шетелден келген 20 жезөкше ұсталды

жезөкшелердің «ордасына» айналған орындарға рейд жүргізді

315 0

Астана қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының мамандары 31 қаңтар мен 3 ақпан күндері аралығында қала көшелерінде алдын алу шараларын өткізіп, жезөкшелердің «ордасына» айналған орындарға рейд жүргізді

Шара барысында «Көктем» сауда кешені мен «Дәулет» сауда үйі маңындағы пәтерлер тексерілген. Бұл жайында ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүргізілген рейд нәтижесінде тәртіп сақшылары 67 адамды қолға түсірді. Олардың қатарында жезөкшелер, жеңгетайлар және қыздарды тапсырыс бойынша тасыған такси жүргізушілері бар.

Ұсталған жезөкшелердің арасындағы 20 қыз Қырғызстан мен Өзбекстанның азаматтары. Қазіргі таңда олардың Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, қолға түсткен тағы 7 азаматтың өзімен бірге мүлдем құжаты болмаған. Олардың барлығы ІІД-нің бөлімшесіне жеткізілді және есепке алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!