Атырау тұрғыны 72 грамм героинмен ұсталды

Фотография - Атырау тұрғыны 72 грамм героинмен ұсталды

Атырауда ІІД Есірткі бинесіне қарсы күрес басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп 72 грамм героин тәркіледі

117 0

Атырауда ІІД Есірткі бинесіне қарсы күрес басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп 72 грамм героин тәркіледі.

«Атырау қаласы тұрғынының басқаруындағы «Хюндай-Соната» көлігін тексеру кезінде салмағы 20 грамнан асатын «героин» есірткілік заты табылды. Ұсталған азаматтың пәтерінің жуынатын бөлмесінен жеделшілер тағы 52 грамм героинді тапты», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

30 жастағы азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!