Ақтөбеде 8-ші сынып оқушысы ұрланды

Фотография - Ақтөбеде 8-ші сынып оқушысы ұрланды

Ертеңгілік сабаққа бара жатқан жолда оны біреулер, белгісіз сұйықтықпен ұйықтатып, көлігіне салып алып кеткен

226 0

Ақтөбеде 8-ші сынып оқушысы ұрланды. Ертеңгілік сабаққа бара жатқан жолда оны біреулер, белгісіз сұйықтықпен ұйықтатып, көлігіне салып алып кеткен.

Дабыл қаққан мектеп мұғалімдері болды. Олар сабаққа келмеген оқушының үйіне хабарласқан. Ата-анасы уақытында оқу ордасына кеткендігін айтады. Сол сәттен, тәртіп сақшылары іске араласып, іздеу шаралары басталған.

Бір жарым сағаттан кейін жоғалған оқушы қаланың басқа шетінен табылды. Жәбірленушіні жол бойында қарға көміп кеткен. Бұл оқиғада ашындырар тағы бір жайт ес-түссіз жеткіншекке бірде-бір жүргінші қол ұшын бермеген. Талықсып жатып, көмек сұраған жанның қасынан аттап өтіп кете берген. Тек бір ғана азамат оқушының жол бойында шырылдаған телефонын көтереді.

Роза Аманбаева, Ақтөбе қалалық №19 орта мектебінің директоры: Сонда біз сұрадық, Сіз енді кетпеңіз, ол бала ғой, ол оқушы ғой. Солай-солай жағдай болып қалды, кетпеңіз, қасында тұрыңыз дегенде ол кісі айтты: қасында тұрмаймын мен қазір осы баланың телефонымен жедел жәрдемді, милицияны шақыртам да телефонды қасына қойып кетіп қалам, деді. Бірақ, сонда да ол кісіге рахмет.

Жәбірленушіге қазір психолог маман көмек көрсетіп жатыр. Оқиғаны естіген шаһар жұртшылығы да аяғынан тік тұрды. Барлық мектептерде жедел жиын болып, ата-аналарға ескерту жасалды. Оқушыларды сабаққа шығарып салып, күтіп алу қажет деп кеңес берді. Полицейлер адам ұрлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірге қылмыскерлердің бұл қадамға не себепті барғандығы белгісіз.

Алмат Иманғалиев, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: Мұндай факт 2008-ші жылы Қандыағаш қаласында орын алған еді. Сол кезде күдіктілер 8 жастағы қызды ұрлап, ата-анасынан 1 млн. талап еткен. Бұл оқиғада ешқандай ақша талап еткен жоқ. Біз қазір қандай себеппен ұрлағанын анықтап жатырмыз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!