Қытайдан келген халық емшісінің ұлы өз әкесін Алматыда өлтірі

Фотография - Қытайдан келген халық емшісінің ұлы өз әкесін Алматыда өлтірі

Қаңтар айының аяғында Қарасай ауданына қарасты Айтей ауылының маңындағы алаңқайдан жартылай жанып кеткен белгісіз ер кісінің мәйіті табылған болатын

318 0

Қытайдан келген халық емшісінің ұлы Алматыда өзінің әкесін өлтірі, деп хабарлады Қазақстан ІІМ-ның ресми өкілі Нұрділдә Ораз.  

 

«Қаңтар айының аяғында Қарасай ауданына қарасты Айтей ауылының маңындағы алаңқайдан жартылай жанып кеткен белгісіз ер кісінің мәйіті табылған болатын.Жедел іс-шаралар жүргізу барысында жәбәрленуші өз үйінде халықтық медицинамен айналысатын Қытай Халық Республикасында дүниеге келген 69 жасар жергілікті тұрғын екендігі анықталды.Аталған қылмысты жасады деген күдікпен қайтыс болған кісінің 19 жасар ұлы қолға түсті», - деді Ораз.

Тергеу барысында ұсталған азамат әкесін соққыға жығып, одан соң шолақ мылтықпен атып өлтіргенін айтты. Қылмысының ізін жасырмақ болған қаныпезер әкесінің мәйітін ауыл сыртындағы алаңқайға алып шығып өртеп жіберген көрінеді. Күдіктіні тінту барысында қылмыс қаруы – шолақ мылтық табылып, тәркіленді. Қазір ол абақтыға қамалды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!